RSS

Мәңгілік елдің жарық жұлдызы

«Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін

 ең алдымен азаттық пен білім керек»

Ш.Уәлиханов

 

   04Мұхтарұлы Сейсен.Шоқан және өнер. Түсініктемеге негізделген иллюстрациялы ғылыми-публицистикалық кітап.Алматы,Өнер,1985.-310 Б.

Ақын, жазушы Сейсен Мұхтарұлы (1946-1999) «Шоқан және өнер» атты кітабында  Шоқанды суретші, өнер зерттеушісі, өнер тарихшысы ретінде жаңа қырынан зерделеді.  Шоқантанудың арнасын кеңейткен кітапта Шоқанның өмірі мен шығармашылығына қатысты тың ойлар, жаңаша тұжырымдамалар жасалып,  300-ден астам иллюстрациялық материалдар автордың тікелей атсалысуымен түпнұсқада жарияланды. Олардың көбі алғаш рет осы кітапта жарық көрді.
Мазмұндық жағынан да, ғылыми-танымдық тұрғысынан да, баспагерлік орындалуынан да ерекше шоқтығы биік еңбек болды. Басылым сол кездегі «Өнер» баспасының үлкен табысы деуге болады.

 

03  2.М.Мусина , Б.Тихомиров «Шоқан Уәлиханов  Санкт-Петербургте» («Чокан Валиханов в Санкт-Петербурге»)

Санкт-Петербургтегі Ф.М.Достоевский мұражайының директоры Н.Т.Ашимбаеваның редакциялығымен шыққан танымал ғалым, аудармашы М.Мусина  мен Б.Тихомировтың «Шоқан Уәлиханов Санкт-Петербургте» («Чокан Валиханов в Санкт-Петербурге»)  атты кітабы Ресей мен Қазақстанның ғылыми ортасында аса қызығушылықпен қабылданды.

 

 

 

 

 

02Уәлиханов Ш.Ш.Көп томдық шығармалар жинағы /Шоқан Уәлиханов-Алматы:Толағай групп,2010.- (Мәдени мұра)- т.6-256б.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен  «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары бойынша  Шоқан еңбектерінің 6 томдығы қазақ тілінде  2010 жылы мемлекеттік тапсырыспен шығарылып,ғалымның 175 жылдығына жарық көрді.Бұл Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет ғалым мұралары осылай төл тіліне аударылған ғылыми-әдістемелік еңбек болды. Алтыншы томда 1860-2010ж.ж. аралығындағы Ш.Уәлихановтың жарық көрген еңбектері, оның өмірі мен қызметі жайлы әр жылдары қазақ, орыс,ағылшын тілдерінде жазылған еңбектердің мазмұндалған көрсеткіші хронологиялық ретпен түзіліп,толықтырылып,арнайы құрастырылды.Басылымда 1840 жылдан қазіргі күнге дейінгі Шоқан туралы ағылшынша, орысша шыққан материалдар жинақталған.

01Уәлиханов,Ш.Тәңірі:Таңдамалы/Ш.Уәлиханов.- Алматы:RS,Халықаралық Абай клубы, 2013.- 2013.- 392б.

Танымал жазушы, драматург, аудармашы Роллан Сейсенбаев әлемдік деңгейдегі баспа туындыларына сай «Аманат» журналының  200 томдық  Кітапханасының жалғасы ретінде «Жетісу кітапханасы» сериясымен  шығарған кітаптарын  Сүйінбай Аронұлы, Жамбыл Жабаев,Ілияс Жансүгіров, Әнуар Әлімжанов,Мұқағали Мақатаевтың шығармалары және Шоқан  Уәлиханов еңбектеріне арнады.Бұл кітапқа ғалымның «Іле өлкесінің географиялық очеркі», «Ұлы жүз туралы», «Қазақ шежіресі», «Тәңірі», «Қашқарға барған және Қашқардан Алатау округіне кері қайтқан сапарымыз туралы» т.б. еңбектері енгізілді.Кітап мазмұны Р.Сейсенбаевтың «Шоқан бабамыздай ғылым жолында тағдырын тәуекел еткен қазақ болған жоқ..деген ойларын жалғастырған «Даламның көз жасын көрмеуге жазсын» атты эссе-реквиемі,Омск,Семей қалаларындағы Шоқанға арналған ескерткіштердің фотосуреттері,Ә.Қастееевтің қылқаламынан туған Шоқан Уәлихановтың портреті,Н.Хлудовтың суретімен, Шоқанның портрет жанрындағы тамаша суреттерімен толықтырылған.

 

 

 

 

 

      

 

 

Реклама
 

Обсуждение закрыто.

 
%d такие блоггеры, как: