RSS

 МАМАШ ХАН

          Мамаш ханМамаш хан –  атақты  Қасымханның ұлдарының бірі. Шамамен,  ол 1450 – 1460 жылдары дүниеге келген. Әкесі хан болып тұрғанда ол көптеген басқа сұлтандар ұлыс басқаруға араласады. Әскерлер жорыққа аттанғанда қол басқарады. Қасым хан қайтыс болғаннан кейін тақты иеленген қазақтың бесінші ханы Мамаш хан отырады.  Бірақ басқа сұлтандар Мамаш ханның билікке келуіне наразы болып, қарсылық көрсетеді. Осылай, қазақ хандығында билік үшін талас — тартыс басталып кетеді. Бұл мемлекеттің әлсіреуіне әкеліп соқтырады. Мамаштың сұлтандар арасындағы билік үшін күресті тоқтатуға күші жетпейді. Алайда ол хан тағында 1521 – 1522 жыл аралығында  ғана отырады. Шайқастардың бірінде оқ тиіп, қатты жарақаттанған Мамаш аттан құлап түседі. Жанындағы адамдар оның құлағанын байқамай қалады. Аз ғана билік құрған Мамаш осылай қайтыс болады. Қазақ хандығында Мамаш ханнан кейін де билік үшін күрес тоқтамайды. Талас — тартыс 20 жылдай уақытқа созылады. Мемлекеттің, халықтың жағдайы нашарлап кетеді. Тарихшылар бұл дәуірді » Қазақ хандығының уақытша әлсіреген дәуірі» деп айтады.

 

 

Реклама
 

Обсуждение закрыто.

 
%d такие блоггеры, как: