RSS

Алакөл ауданы «Ұлы дала тарихы»

АлакөлАлакөл аудандық орталық кітапханада: Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, оқушылар арасында тарихқа деген қызығушылықтарын арттыру, олардың бойына елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру мақсатында жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып аралығында «Ұлы дала тарихы» тақырыбында ғылыми жобалар байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 14 жоба іріктеліп, 11 мамыр күні Абай орта мектебінде әділқазылар алқалары алдында қорғауға ұсынылды. Жоба қорытындысы бойынша І орын – Көктұма орта мектебінен А.Қайыңбаев, ІІ орын Екпінді орта мектебінен Л.Жұмағалиева, ІІІ орын – Қызылқайың орта мектебінен Б.Кәденова және Ш.Алдабергенова иеленді.

 

Реклама
 

Обсуждение закрыто.

 
%d такие блоггеры, как: