RSS

Кербұлақ ауданы «Ұлы дала хандығы»

КербұлақКербұлақ аудандық кітапханасында «Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы» тақырыбында ауызша журнал өткізілді. Журналдың кіріспе бөлімінде  бүгінгі елдігіміздің тамырын құрайтын қазақ хандығының тарихы туралы, алғашқы хандар  жайлы мағлұматтар берілді. Іс–шараның бірінші бетінде қазақ хандығының орталықтанған мемлекет болуынан бастап, хандық құрылған жылдары қалыптасқан қазақ елінің шекарасы, тілі, салт–дәстүрі мен мәдениеті туралы сөз қозғалды. Журналдың екінші бетінде Қазақ хандығын құру мен нығайту жолында күрескен ірі тарихи тұлғалар мен хандар, билер мен болыстар жайлы мәліметтер құрады. Ал, үшінші бетінде Қазақ хандығының өрлеп — өркендеуі және әлсіреу кезеңдерінен мағлұматтар берілді. Шараға ауыл тұрғындары, мектептердің тарих және әдебиет пәндерінің  ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Шара барысында атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.

Реклама
 

Обсуждение закрыто.

 
%d такие блоггеры, как: