RSS

Қапшағай қаласы «Қазақ хандығының тарихы — Мәңгілік елдің ұлы тарихы»

Қапшағай қалалық кітапханасында Қазақ хандығының 550 жылдығы мен «Бір ел-  бір кітап» акциясы аясында жазушы І.Есенберлиннің «Көшпенділер»  трилогиясына арналған Қапшағай2  конференциясы өткізілді.

Конференция жұмысын қала әкімінің орынбасары Е.Сергебаев құттықтау сөзімен бастап, шара барысында С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық кітапхана директоры М.С.Нұрғалиева, ұстаз, қаламгер, өлкетанушы Ж.Қожамқұлов, «Нұр Отан» партиясы Қапшағай қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Нұрқадыров қазақ хандығының құрылуы әрқашан да Қазақ мемлекетінің бастауы болып қала беретінін баса айтты.

«Қазақ тарихының 550 жылдығына жастарға  оқуға ұсынылған 10 кітап»   библиографиялық құралы мен «2015 жылдың мерейлі атаулары» дайджест-топтамасы, жазушы І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының электронды нұсқасы CD дискі түрінде қатысушыларға таратылды.

Конференция жұмысына қатысушылар «Жүктеп ал да, оқы!» инсталляциясы бойынша «Көшпенділер» романын жүктеу мүмкіндігі ұйымдастырылды.

Реклама
 

Обсуждение закрыто.

 
%d такие блоггеры, как: