RSS

Қарасай ауданы «Ұлттың тарихын ұрпақ таныса, тамырынан айырылмайды»

 ҚарасайҚарасай аудандық кітапханасында қазақ хандығының 550 жылдығына арналып «Ұлттың тарихын ұрпақ таныса, тамырынан айырылмайды» атты ғылыми–танымдық конференция өткізілді. Бұл шараға еліміздің белгілі тарихшылары, тарих ғылымының докторы, профессор, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Х.Әбіжанов және осы институттың доценті Г.Өскенбаева, тарихшы,  аудармашы Ә.Дәулетхан т.б. мамандар, мектептердің тарих пәндерінің мұғалімдері, Қаскелең  мәдениет колледжінің студенттері қатысты. Шара барысында еліміздің  белгілі  тарихшылары  Қазақ  хандығының тарихы  туралы баяндама жасап, ұлы мемлекеттің 550 жылдық тойын тойлаудың маңызына тоқталды. Қарасай 2Х.Әбіжанов өзінің  баяндамасында  1456 жылы қазақ дейтін хандық құрылғанының ақиқат екенін, олардың ұраны — «Алаш», мемлекеттік Елтаңбасы – «Төре таңба», Астанасы — қасиетті «Түркістан» болғанын және оған дейін де қазақ жерінде 20-ға жуық мемлекеттің болғандығын айтып берді. Конференцияда сөз алғандар осындай жазба деректерге тоқтала отырып, оқырмандармен ой бөлісті.

 

Реклама
 

Обсуждение закрыто.

 
%d такие блоггеры, как: