RSS

Ұйғыр ауданы «Тарихыңды тани біл»

ҰйғырҰйғыр аудандық кітапханасында  қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толуына орай, қазақтың хандарымен  таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушының соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру мақсатында «Тарихыңды тани біл» атты танымдық сабақ өткізілді. Алғашқы сөзді оқу бөлімінің меңгерушісі Ә.Малдыбекова қазақ хандығына қысқаша тоқталып өтті. Оқушы А.Айзада қазақ хандығының құрылуы туралы қысқаша мағлұмат беріп өтті. Оқырмандар өздерінің қазақ хандығына шығарған өлеңдерін оқып, осы өткізіліп отырған  «Тарихыңды тани біл» атты  тарихи танымдық сабақты  қызықтыра түсті.  Кітапханашылардан сөз алған Жанар Тұңғатарова өзінің сөзінде тарих ғылымының бүгіні мен келешегі туралы баяндайтын ғылым екенін оқырмандарға түсіндіре келіп, оларды білімді болуға, және осы кітапханаға оқырман болуға шақырып сөзін аяқтады.

Реклама
 

Обсуждение закрыто.

 
%d такие блоггеры, как: