RSS

Шығармашылығы

Көшпенділер1        Есенберлин қазақ әдебиетінде өнімді еңбек еткен аса көрнекті жазушылардың бірі. Алғашында ақын ретінде танылған оның шығармалары 1940 жылдан бастап жарық көре бастайды. 1945 жылы «Сұлтан», «Айша» дастандары, «Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағы (1949), революционер, большевик Ә. Майкөтовке арналған «Большевик туралы поэмасы» (1957), «Біржан сал трагедиясы» (1959) дастандары жарияланды. 1960 жылдары проза жанрына қалам тарта бастады. «Өзен жағасында» (1960), «Толқиды Есіл» (1965), орыс тілінде жазылған «Адам туралы ән» (1957) атты повестері жарық көрді. «Айқас» (1966), «Қатерлі өткел» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1971), «Алтын құс» (1972), «Жанталас» (1973), тың туралы «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974) романдары, «Көшпенділер» трилогиясы (1976), Алтын Орда трилогиясы (1982-1983), «Махаббат мейрамы», «Алыстағы аралдар» (1983), Аққу құстың қуанышы» (1984) романдары, шығармаларының онтомдық жинағы (1984-1990) жарияланды.

elib1201151elib1201154Есенберлиннің «Маңғыстау майданы», «Аманат» (1978) романдары қазақ әдебиетіндегі сүбелі шығармалары қатарында. Кеңес өкіметі жылдарында туып қалыптасқан қазақ интеллигенциясының өмірін, олардың қазақ даласында социалистік өнеркәсіп орнату жолындағы қажырлы еңбегін, ескіліктің адам санасындағы қалдығына қарсы күресті баяндайтын «Айқас» романына 1968 жылы Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.

elib1201152Ӏлияс Есенберлиннің орыс тілінде шыққан «Песня о человеке» (1956) романы 1958 жылы қытай тіліне аударылады. «Таудағы тартыс» (1962) пьесасы Алматыдағы Балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды. М.Ерзинкянмен бірігіп жазған «Құйма» (1961) киносценарийі бойынша түсірілген фильм бүкіл кеңес және венгр, поляк, болгар экрандарында көрсетілді.

Ӏлияс Есенберлин прозасы түгел дерлік орыс тіліне аударылды. «Схватка» («Айқас», 1957); «Опасная переправа» («Қатерлі өткел», 1970); «Влюбленные» («Ғашықтар», 1970); «Хан Кене» («Қаһар», 1971); «Заговоренный меч» («Алмас қылыш», 1973); «Отчаяние» («Жанталас», 1974); «Прикрой своим щитом» («Көлеңкеңмен қорғай жүр», 1976); «Мангистауский фронт» («Маңғыстау майданы», 1981); «Золотая Орда» («Алтын Орда», 1985) деген атпен Мәскеулік және республикалық баспалардан жарық көрді. Жекелеген шығармалар украин, латыш, литваөзбек, алтай, башқұрт,қарақалпақ, венгр, поляк,  ағылшынфранцузқытайнемісараб, испан тілінде жарияланды. Олардың ішінде «Көшпенділер» трилогиясы, «Адам туралы ән», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Айқас» романдары бар.elib1201153 Есенберлин қырыққа жуық ән мәтінін жазды. Ол К.Д.Ушинскийдің «Әңгімелері мен ертегілерін» (1945), М.Жулявскийдің Вьетнамөміріне арналған «Қызыл дария» (1956) романынқазақ тіліне аударды. Есенберлин  Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен  марапатталған.

images images (1) esen elib1201158 elib1201157 elib1201156 elib1201155

Реклама
 

Обсуждение закрыто.

 
%d такие блоггеры, как: