RSS

Қазақ хандығына 550 жыл

09 Окт

загруженное
Қош келдіңіз

Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа аманатталып келген ұлттық сана-сезімді өшірмеу, тарихын ұлықтау, салт-дәстүрді насихаттау және ел мәдениетін көтеруде әдебиеттердің алатын орны ерекше. Ол халықтың тарихи тағдырымен тығыз байланысты рухани құндылық болып табылады.

«2015 жылды ұлттық тарихымызды ұлықтау, бүгінгі белестерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы деп есептеу керек», – деген Елбасымыз Н.Назарбаев 2015 жылы Қазақстан Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ата Заңымыздың 20 жылдығын атап өтетіндігімізді мәлімдеді.

Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жыл кітабы болып І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы таңдалды. Осыған байланысты Қазақ хандығының 550 жылдығына орай кітапханаларда семинарлар, конференциялар, тарихи кештер, флешмобтар, open air (ашық аспан астында) кештер ұйымдастырылып, өткізіледі. Қазақ хандығы мен қазақ халқының тарихын еліміздің өркендеуіне және нығаюына үлес қосқан, қызметін арнаған көрнекті тарихи тұлғалардың еңбектерін және есімдерін насихаттау мақсатында кітап көрмелері безендіріледі. «Ұлы Дала мемлекеттері», «Тарихи зерттеулер», «Қазақ хандығы», «Әдебиет және Тарих», «Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан», «Жасай бер, Тәуелсіз Қа­зақстан» атты алты бөлімді көрмеге қазақ, орыс, шет тілдеріндегі және сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорынан 170-тен астам еңбек қойылған.

Қазақ халқының тарихын білу, жастардың отаншылдық сезімін ояту, төл тарихымызға қатысты мазмұны бай, тағлымы мол шаралардың берері мол.

 

 

Реклама
 

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s

 
%d такие блоггеры, как: